Жаңалықтар

Басы жанжалға қалған "Гарант 24" ломбард құрылтайшысы Қазақстанға экстрадицияланды

Басы жанжалға қалған "Гарант 24" ломбард құрылтайшысы Қазақстанға экстрадицияланды

 width=

Кишиневте ұсталған Қазақстан азаматы Аслан Мұрзабековты Қазақстанға экстрадициялады.

"30 сәуірде Қазақстан Ішкі істер министрлігі Молдова Республикасынан Мұрзабековты экстрадициялау жүзеге асырыд, ол 27 ақпанда Қазақстан ІІМ сұрауы бойынша Молдова астанасында ұсталып, Кишинев қаласының тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада. Оны Бас прокуратура мен ІІМ-нің көмегімен Қазақстан полициясы елге қайтарды. Қазір ІІМ сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Тергеу-жедел тобына барлық ІІМ департаменттерінің қызметкерлері кірді. Өңірлерде алданған салымшылар мен ұрланған қаражатты анықтау мақсатында тиісті жұмыстары жалғасуда. Хабарланғандай, зардап шеккендердің өтініштері әлі де келіп түсіп жатыр. Қазіргі уақытта ішкі істер органдарына шамамен сегіз мың азамат өтініш білдірген, шығын 10 миллиард теңгеден асып түсті ( шамамен 23,2 миллион доллар). Қаржы пирамидасының Ақтөбе облысында құрылғанын ескерсек, сондай-ақ, ұйымдастырушылар осы аймақта туғанын есепке алғанда, тергеу әрекеттері Ақтөбеде жүргізіледі. 42 күдікті адам анықталып, оның 19-ы сот санкциясымен қамауға алынып, сегіз адам іздестірілуде. Тағы бір күдікті-Ысқақов А.-қаржы пирамидасының белсенді қатысушыларының бірі, Қырғызстанда жасырынып жүрген. Ол Бішкекте ұсталып, 20 сәуірде Отанына экстрадицияланды. Қылмыстық істерді тергеу барысы ІІМ басшылығының ерекше бақылауында. Қаржы пирамидаларын жасаушылар мен ұйымдастырушыларға алаяқтық үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, Аслан Мұрзабеков "Гарант 24 Ломбард" ЖШС-нің құрылтайшысы, "ЕSTATE Ломбард" и "Выгодный займ" қылмыстық ұйымдарының жетекшісі екені анықталып отыр. Ол жанындағы адамдармен бірге ондаған мың қазақстандық зардап шеккен қаржы пирамидаларын құрды деп күдіктелді.