Қытайда ерекше қонақ үй ашылды

Қытайда ерекше қонақ үй ашылды

ашық дереккөзі

 width= Мұнда қонақтармен қоса кәдімгі ақ аюлар да өмір сүреді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Аңдар әр бөлменің жанында бөлек орын-жайда емін-еркін жүреді. Қонақтардың қалаған уақытында қызықтауы үшін жарық күні-түні өшпей, жанып тұрады. Ерекше қонақ үй үлкен қызығушылық тудырды-алдағы күндерге барлық бөлмеге тапсырыс берілді. "Polar Bear"- қонақүйінде барлығы 21 нөмір бар, құны 1888 - ден 2288 юаньға дейін, бұл шамамен 290 доллардан 351 долларға дейін. Бірақ жануарлардың құқығын қорғаушылар бұл жобаға қарсы шықты. Олардың айтуынша, ақ аюлар жабық жерде емес, Арктикада тіршілік етуі тиіс. Белсенділер адамдарды қонақ үйге бармауға шақырып жатыр.

Жүктелуде...