Жаңалықтар

Италияда қайтадан карантин жарияланды

The final spritzer

Италияда қайтадан карантин жарияланды

 width= Италияда қайтадан карантин енгізілді. Шектеу шараларын премьер-министр Марио Драги жариялады. Соңғы бір жарым айдың ішінде коронавирус қатты өршіп, күніне 25 мың адам індет жұқтырған. Осыған  байланысты 15 наурыздан бастап дүкендер, мейрамханалар мен мектептер жабылады. Науқастар тек Сардиния аралында ғана аз тіркелген. Локдаун сәуірдің 3-і мен 5-і аралығында да күшінде болады. Себебі бұл кезде елде католиктердің Пасха діни мейрамы тойланады. Естеріңізге сала кетейік, Италия Еуропаға алғаш рет жаппай карантин енгізген болатын.