Жаңалықтар

Бейжіңдегі ТМД елдерінің дипломатиялық миссияларының өкілдері Наурыз мейрамын тойлады

   width= Бейжіңдегі ТМД елдерінің дипломатиялық миссияларының өкілдері Наурыз бен қысты шығарып салу мейрамы – Масленицаны атап өтті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Бейжіңде аккредиттелген дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басшылары іс-шараның құрметті қонағы болды. Қатысушы елдердің дипломатиялық миссиялары басшыларының құттықтау сөздерінен кейін мерекелерге орай Масленица мен Наурызды қарсы алу дәстүрлері жайлы бейнероликтер көрсетілді. Айта кетейік, іс-шараны ұйымдастырушылар мәдени бағдарламаға көп көңіл бөлді. «Русский сувенир» балалар ансамблі «Варенка» композициясын орындады, Гюнай Алиева көрермендерді әзербайжандық «Нэльбеки» ұлттық биімен (кеселермен билеу) таңғалдырды.  width= Сондай-ақ қонақтарға Бимұрат Мұрал Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі «Аққу» күйі шертіп берді, Фаромуз Пирмухамедовтың орындауында «Душанбе туралы ән» шырқалды және көне беларусь биі «Гуканне Вясны» ұсынылды. Кешке арналып, бай дастархан жайылды. «Гастрономиялық мереке» алаңында ұлттық тағамдар қойылды. Қазақстандық аспаздар наурыз көже, бауырсақ және жент ұсынды. Қонақтарға көктем мен жаңару мерекесінің басты тағамы – Наурыз көже ерекше ұнады. Долма, люля-кебаб және пахлаваны – әзербайжан халқы, құймақ, бәліш пен тоқашты (кулебяка) орыс аспаздары ұсынды. Салтанатты іс-шараны Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның ҚХР-дағы елшіліктері бірлесіп ұйымдастырды.