weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
12 наурыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық спортшы салмақ қуамын деп бүйрегінен айырылып қала жаздады

Қазақстандық спортшы салмақ қуамын деп бүйрегінен айырылып қала жаздады

Қазақстандық спортшы салмақ қуамын деп бүйрегінен айырылып қала жаздады
ашық дереккөзі
 width= Қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек АСА 119 турнирінде жекпе-жек өткізбейді. Бұл туралы ресейлік ұйым хабарлады. Жеңіл салмақ дәрежесінде (62 келі) өнер көрсететін Қаршыға Дәуітбек  ACA 119 турнирінде ресейлік файтер Никита Чистяковпен (11-6-1) кездесуі қажет еді. Алайда қазақстандық файтер белгіленген салмақтан асып кетіп, жекпе-жекке жіберілмеді. Салмақ қуу кезінде Қаршыға Дәуітбектің екі бірдей бүйрегі дұрыс істемей қалған. Айта кетейік, Қаршыға Дәуітбек соңғы жекпе-жегін биыл ақпанда Alash Pride Grand Prix турнирі аясында өткізді. Онда төрешілер шешімімен қырғызстандық Тұрғанәлі Абдуллаевты жеңді