Үш жылдың ішінде республикалық жолдардың бойына 304 дәретхана салынады

12 Шілде, 2019 304 0

NewsROOM+. Алдағы үш жылда Қазақстанда республикалық автожолдардың бойына 304 санитарлық-гигиеналық торап орнатылады, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

2018 жылы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызға ие автожолдардың бойына 12 KazWay жол сервисі павильонын салды. Павильондарда дәретханалар және тамақтану орындары бар.

Енді 2019-2022 жылдар аралығында 304 санитарлық-гигиеналық торап орнату жоспары жасалды. Олардың 109-ы жөнделіп жатқан күре жолдардың бойына салынады.

Олар: Щучинск - Зеренді, Қарағанды қаласының айналма жолы,Тараз-Шымкент (Түркістан облысы), Нұр-Сұлтан - Павлодар, Бейнеу - Ақжігіт, Жетібай - Жаңаөзен, Петропавл - Қорған, Нұр-Сұлтан қаласының айналма жолы, Өскемен - Бұқтырма, Ұзынағаш - Отар, Күрті - Бурылбайтал, Қостанай - Қарабұтақ, Қандыағаш - Мақат, Үшарал - Достық, Атырау - Астрахан, Подстепное - Федоровка, Талдықорған - Өскемен, Балқаш - Бурылбайтал, Қалбатау-Майқапшағай, Қарағанды - Балқаш, Күрті - Қапшағай, Меркі - Бурылбайтал автомобиль жолдары.

Дереккөз: holanews.kz

Тегтер: автожол, дәретхана, Қазақстан, ҚазАвтоЖол

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.