Павлодар әкімі қызметтік киімін оюлы шапанға ауыстырды
Павлодар әкімі қызметтік киімін оюлы шапанға ауыстырды

«Құрметті павлодарлықтар! Мен Jebe ұйымдастырып жатқан наурыз мейрамында ұлттық киім кию бастамасын қолдаймын деп шештім»,- дейді әкім.Әкімнің айтуынша, бұл бастаманы мәдениет саласының қызметкерлері де қолдаған. Қала әкімі ұлттық киімді насихаттау арқылы Наурыз мейрамына өзінің үлесін қосқысы келетінін жеткізген.