Теміртауда ЖЭО-да төтенше оқиға болды: екі адам зардап шекті
Теміртауда ЖЭО-да төтенше оқиға болды: екі адам зардап шекті

"1971 жылы туған пациентте: дененің 25%-інің күю, III А, Б дәрежесі. Екінші адамның денесінің 90 процентін күйік шалған, III Б, IV дәрежесі. Бұл ауыр, терең күйік. Теміртау орталық ауруханасына реаниматолог, комбустиолог және күйікті емдеумен айналысатын мамандардан құралған арнайы бригада жіберілді", - деді Х. Мақажанов клиникасының травматологы Ерік Шонбаев.Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті оқианың себебіне алдын ала болжам жасады. Отпен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздік ережелері бұзылуы мүмкін. Төтенше оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бас мемлекеттік инспектор өкімімен комиссия құрылды.