Өзін көрсетіп қалғысы келеді: Хайп ұстаған депутаттардың орындалмайтын ұсыныстары
Өзін көрсетіп қалғысы келеді: Хайп ұстаған депутаттардың орындалмайтын ұсыныстары

Айқын ҚОҢЫРОВ , ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты: «Өз құқықтары шектелген қаржы институттарының қысымымен қалу қаупі бар жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды кредиттік рақымшылық жүргізу қажет»Ал Александр Милютин зейнет жасын 60-қа төмендету керек деген еді. Бірақ, Еңбек министрі бұл мәселе әзірге күн тәртібінде жоқ деп кесіп айтқан болатын.
Александр МИЛЮТИН, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты «Азаматтардың жынысына қарамастан зейнетке шығу жасын 60-қа дейін төмендету керек. Кезең-кезеңмен ұлғайту мәселесін көтерудің мәні жоқ. Ең төмен базалық зейнетақы жыл сайынғы орташа жалақыға тең болуы қажет».Қоғам белсендісі Айша Құрманғали мәжілісмендердің кейбір ұсыныстары популизм, бірақ үнсіз отырғаннан гөрі өзекті мәсепелер жиі көтергені әлдеқайда дұрыс деп есептейді. Өйткені...
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, Қоғам белсендісі Үнсіз отырғаннан гөрі айтылғаны дұрыс. жеткізгені. Үкіметтің есіне салып отырғаны дұрыс. Кейбір мәселелердің шешілмейтіні біле тұрса да, өзін көрсетіп қалғысы келеді».Ал өткен аптада депутат Ерлан Смайылов халықтың қолайына әбден жағатын, бірақ іске асуы екіталай ұсынысты айтып қалды. Оның есебінше, мемлекет жаңадан туған сәбиге кемі 4 млн 200 мың ақша төлеуі керек. Өйткені еліміздегі әрбір алтыншы бала кедей отбасында тәрбиеленеді екен.
Ерлан СМАЙЫЛОВ, ҚР Парламент мәжіліс депутаты: "Елімізде аналық капиталды енгізу қажеттілігі туындап тұр. Ол бойынша мемлекет Қазақстан азаматтарына дүниеге келген әр бала үшін 4,2 миллион теңге беруі тиіс. Бұл қаражат отбасының баспана мәселесін реттеуіне немесе баланы оқытуға, ананың зейнетақы жинағына жұмсалуы керек».Осындай өзекті мәселелерді көтеріп жүрген депуттарға хабарластық. Алайда олардың көбісі жауап бермеді. Тілдескендерінен көтерген ұсыныстарға қатысты мардымды жауап ести алмадық. https://youtu.be/tiLtE_0SyMs