Министр еліміздің экономикасы қандай жағдайда екендігін айтты
Министр еліміздің экономикасы қандай жағдайда екендігін айтты

Жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталған. Кен өндіру өнеркәсібін қоспағанда, нақты секторда өсім 6,3%-ке дейін жеделдеді. Негізгі капиталға инвестиция 13,3%-ке артты. Жалпы, оның айтуынша, кен өндіру өнеркәсібінен басқа, нақты сектордың барлық саласы тұрақты өсім көрсетті. Олар құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығы салалары. Сонымен қатар, ақпарат пен байланыс саласы 9,4%-ке өсті."Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтардағы минус 4,5%-тен қаңтар-ақпанда минус 2,9%-ке дейін жақсарды", – деді Ерғалиев үкімет отырысында.