weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
11 наурыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Министр еліміздің экономикасы қандай жағдайда екендігін айтты

Министр еліміздің экономикасы қандай жағдайда екендігін айтты

Министр еліміздің экономикасы қандай жағдайда екендігін айтты
ашық дереккөзі
 width= Қазақстанда ақпан айында жалпы ішкі өнім минус 2,9%-ті құрады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді. Министр биыл қаңтар-ақпан айында макроэкономикалық көрсеткіштерде оң үдеріс байқалғанын атап өтті.

"Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтардағы минус 4,5%-тен қаңтар-ақпанда минус 2,9%-ке дейін жақсарды", – деді Ерғалиев үкімет отырысында.

Жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталған. Кен өндіру өнеркәсібін қоспағанда, нақты секторда өсім 6,3%-ке дейін жеделдеді. Негізгі капиталға инвестиция 13,3%-ке артты. Жалпы, оның айтуынша, кен өндіру өнеркәсібінен басқа, нақты сектордың барлық саласы тұрақты өсім көрсетті. Олар құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығы салалары. Сонымен қатар, ақпарат пен байланыс саласы 9,4%-ке өсті.