Президент су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды
Президент су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды
"Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан обл. Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін ПМ А.Мамин мен облыс әкімі Ө.Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым",- деп жазды Қ.Тоқаев Twitter желісінде.
Айта кетейік, Өзбекстанда 1 мамыр күні болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылды.
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, 2 мамыр күні сағат 04.30-да Мақтарал ауданының шекарасында коллектордан су өтіп, Жеңіс және Жаңа Тұрмыс елді мекендері су астында қалған.
Сондай-ақ, Мырзакент - Жеңіс - Жаңа Тұрмыс автомобиль жолдарын су басты.