"Сатып алған шығар": Мейрамбек Беспаев әлеуметтік ғылымдар магистрі атанды

28 Маусым, 2018 1361 0

Бүгінге сахнада жүргендердің көбі магистратура бітіріп, диплом алуды сәнге айналдырған. Дәріске басқалары секілді күнде қатыспаса да, университетті жап-жақсы бағамен бітіріп жатыр. Танымал эстрада жұлдызы Мейрамбек Беспаевтың магистр атанғанын Майғазиев желідегі парақшасына жазып қойды, - деп хабарлайды "NewsRoom+" ақпараттық агенттігі sn.kz сілтеме жасап.

Беспаевпен "МузАрт" тобының директоры Ерлан Жүнісбай бірге оқыған боп шықты.

“Лев Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар магистрлерін құттықтап қойыңыздар, достар! “Бәрі таниды ғой, былай-ақ өткізе салған шығар”, “Сатып алған шығар” деген әңгіме айтуым жоқ. (Екеуін де ешкім танымапты, ақша алмапты) Білім инемен құдық қазғандай. Алла тағала баршамызды пайдалы іліммен сусындата берсін”, – деп жұртты күлдірді Майғазиев.


Дереккөз: sn.kz

Тегтер: Мейрамбек, әнші, Беспаев, диплом, оқу

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.