Жанар Айжанова «әжеңнің фамилиясын алғансың ба» деген сыныптасының мұрнын қанатып қойған

Жанар Айжанова «әжеңнің фамилиясын алғансың ба» деген сыныптасының мұрнын қанатып қойған

ашық дереккөзі

 width= Ер бала сияқты өскен Жанар Айжанова балалық шағын «Ең алғашқы» бағдарламасында еске түсірді. Өзінен жасы үлкен ағасы қарындасының қызыққа толы балалық шағын бүкпесіз баяндап берді.

«Ер бала сияқты өсті. Ер бала сияқты басы тақыр, кішкентай кекіл қоятын. Ол кезде шорты жоқ, қара трусы киіп алады. Жалаңаш. Бірінші сыныпқа барарда бұзық болып, мектеп формасын қыз баланікі деп кимей, шатақ шығарды. Бізбен бірге рогатка атып, ләңгі тебетін, аяқ ойнайтын. Мұғалімдері фамилиясын сұраған. Бұл «Айжанова» деген. Бірге оқыған сыныптасы «немене, сен әжеңнің фамилиясына жазылғансың ба?» деген ғой. Сол жерде сонымен шатысып, мұрнын қанатып келіпті», - дейді ағасы Серік Кетіков.
Қара дамбалды киіп алып, атпен жайдақ шабатын Жанар «Шашым жыныма тисе, оңды-солды қайшымен кесіп тастайтынмын» деп еске алып күлді өнер иесі.

Жүктелуде...