Жанар Айжанова: Өкінішім – күйеуім екеуіміздің арамызда бала жоқ

Жанар Айжанова: Өкінішім – күйеуім екеуіміздің арамызда бала жоқ

ашық дереккөзі

 width= Өзін бақытты жан санайтын әнші Жанар Айжанова өміріндегі бір өкініші, бір кем дүниесі туралы «Ең алғашқы» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

«Бір кем дүнием – екінші тұрмысқа шықтым ғой, екеуіміздің арамызда бала жоқ. Арманым ер азаматымның өз кіндігінен Айжұлдызымның соңынан еретін іні болатын, не сіңлісі болып қарайласып жүретін бір перзент болса. Біз айтамыз, Алланың дегені болады. Маған салса, бірінші соны қалар едім», - дейді Жанар Айжанова.
Алайда барын бағалай білетін өнер иесі осы күніне де шүкіршілік ететінін айтты.

Жүктелуде...