weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 наурыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

32 жыл тас жеген ер адам халықты таңғалдырды

32 жыл тас жеген ер адам халықты таңғалдырды

32 жыл тас жеген ер адам халықты таңғалдырды
ашық дереккөзі
 width= Үндістанның Махараштра штатында тас жейтін қария өз әрекетімен жұртты таңғалдырып жүр. Рамбхау Бодке (Rambhau Bodke) тасты алғаш рет 1989 жылы жеп көрген екен. Ол тас жеуіне бір кейуананың себепші болғанын айтып өтті. Қария «Тас жесең – асқазаныңдағы ауырсынулар басылады» деп уәде еткен екен. Осылайша ол тас жеуді күнделікті әдетке айналдырған. Бүгінде Бодке 80 жаста. Қария бір күнде шамамен 250 грамм тас жейтінін айтады. Ол бұл әдеті дәрігерлерді шошытып отырғанын да жасырмайды. Десе де, ақсақал тастағы кальций оған күш беретініне сеніп отыр. Бір қызығы тас жеу денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екеніне қарамастан, қария бүгінгі күнге дейін дін аман жүр.