Алматыда карантин шаралары қатаңдатылды
Алматыда карантин шаралары қатаңдатылды

"Қаулы дайындалып, бизнес және қоғам өкілдерімен талқылануда. Күннің соңына қарай Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына қол қойылады, - деді ол.Қалықова қаулы кешкі тоғызға дайын болуы мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, науқастар санының өсуіне өткен мерекелер, сондай-ақ карантиндегі адамдардың өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамауы себеп болуы мүмкін. Бас санитар дәрігердің орынбасары алматылықтарға бетперде тағуды және қоғамдық орындарға барудан бас тартуды ұсынды. Сондай-ақ, Әсел Қалықова сәуір және мамыр айларында ниет білдірушілер үшін жаппай вакцинациялау басталатынын мәлімдеді және алматылықтарды одан бас тартпауға шақырды.
"Мұның бәрі Алматы қаласының тұрғындары арасында аурудың төмендеуіне септігін тигізеді", - деді Қалықова