Алматы облысында тұрғындар 9 күннен бері жарықсыз отыр

Алматы облысында тұрғындар 9 күннен бері жарықсыз отыр

Нұржан ҚЫСТАЕВ, саяжай тұрғыны Көк дала сервис» бізге айтады қосылыңдар дейді. Керек болса бізге қосылыңдар, бірақ каждыйыңызбен отдельно договор жасасамыз. 320 мың теңге светке төлейсіздер дейді. Ал, енді халық уже ақшасын беріп тастады ғой. Мына жерде 4 көше, жүз отбасы ақшасын берген. Свет, суын тартқан, столбтары тұр. Бірақ тірлігі аяғына дейін жетпеген"Бұл жерді бірнеше жеке кәсіпкер жарықпен қамтиды екен. Бірақ, бізге қызметін ұсынатын компанияның басшысы жиып алған ақшасын өткізбепті деп өкпесін айтты жұрт. Ал, тікелей байланысқа шықпақ болғандырымен, ұялы телефоны сөндірулі екен. Осы тоғыз күннің ішінде жұрт біраз қиындыққа тап болыпты. Жарықсыз отырған тұрғындар қазір бір-біріне қол ұшын беріп амалдауға көшкен. Үйінде тамақ пісіріп, телефондарын қуаттау үшін көршісінің генераторын уақытша пайдаланып жан бағуда. Ал, үйдегі тоңазытқыш ара-тұра жұмыс істегендіктен, тез бұзылатын астарды далаға шығарып, сақтауға кірісіпті. Мейрамға байланысты тікелей тоқ таратын компания жарықты бірер күнге көпшілікке қосып беріпті. Алайда, 9-нан бастап қайтадан ажыратамыз деген хабарламалар бағаналарда ілулі тұр. Қазір осы ақпараттан шошығандар не істерін білмей дал. Әкімдіктегілердің бұған қатысты жауабы мынадай: . Абылай ЫСҚАҚОВ, Іргелі ауылдық округінің әкімі: "Бәрін жалпы өшірмей, жеке-жеке әр үймен сөйлесіп, әр үйдің иесімен сөйлесіп, шақырып қандай жағдай болды, қандай келісім-шарт болды, қағазы бар ма, жоқ па, қанша төледі, соның бәрін анықтау керек". Ал, қыруар қаржыны алып, қарасын батырған жеке кәсіпкердің үстінне аудандық прокуратураға арыз жазылыпты. Енді істің ақ-қарасы анықталады дейді. Ал тұрғындар жол ортасындағы бағаналар мен жерге жақын тұрған сымдар үшін де қауіптенуде. Күн ысыған уақытта балаларымыз ойынға шығады, сол кезде зияны тиіп кетпесе болғаны дейді. https://youtu.be/EiIADMqbIpM