Жұмабекке звондасай: Бір ауыз сөзбен мәселені шешетін Жұмабек деген қай дөкей?

Жұмабекке звондасай: Бір ауыз сөзбен мәселені шешетін Жұмабек деген қай дөкей?

ашық дереккөзі

 width=  Әлеуметтік желіде жол полицейлерінен "бір ауыз сөзбен" құтылып кеткен азаматтардың әрекеті қызу талқыға түсті. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. "Шәуілдір біздікі. Шәуілдір наш наш. Шәуілдір встречка. Салсай историяға ****. Салып келе жатырмын ғой. До конца кольцевойға барасың ғой". "Астана біздікі" деген ұранды қойып, енді, әлеуметтік желіде "Шәуілдір біздікі" деген атпен видео таралып жатыр. Ішімдікке тойып алған жүргізуші Түркістан облысының көшелерінің бірінде қарсы бағытпен жүріп, апаттық жағдай туғызған. Елірген азаматты жол полицейлері тоқтатып, құжаттарын талап еткенімен тәртіп бұзғандар "Жұмабектің бажасымын" деген бір ауыз сөзбен құтылып кеткен. "Не болды? Құжаттарыңыз. Жұмабектің бажасымын мен. Қазір Жұмабек келеді артыңнан. Жұмабекке звондасай. Барсай. 083-ке барсай. Құжат жоқ. Қалай құжат жоқ? Айда айда". Тәртіп сақшылары видео Түркістан облысы Отырар ауданының орталығы Шәуілдір елді мекенінде түсірілгенін анықтады. Мониторинг барысында, жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталып, темір тұлпар айып тұрағына қойылған. Сондай-ақ, видеода есімі айтылған "Жұмабек" есімді азаматтың да кім екені белгілі болды. Ол Отырар аудандық полиция бөлімінің майор шеніндегі қызметкері Жұмабек Төлеген. Бірақ, ол басқарманың басшылық құрамында емес екен.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы: "Оған қатысты сол түні ҚР Әкімшілік кодексінің екі бабы бойынша 596 және 613 баптар бойынша хаттамалар толтырылып, автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр. Жинақталған материалдардың барлығы сотқа жолданған. Ал, медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша автокөлік жүргізушісі мас халде болмағаны анықталды".
https://youtu.be/VEy5HwntHmo

Жүктелуде...