Премьер-министр журналистерге антисептик шашқан

Премьер-министр журналистерге антисептик шашқан

ашық дереккөзі

 width= Таиланд премьер-министрі Прают Чан-Оча баспасөз мәслихатында журналистерге қолды тазартуға арналған зарарсыздандырғыш шашты.  Шенеуніктің бұл әрекетіне министрлер кабинетіндегі ауыс-түйіс туралы сұрақ қойған тілші себеп болғаны хабарланды. Жергілікті тілшілердің бірі жаңадан тағайындалған шенеуніктердің атын атауды сұраған.

Прают сұраққа жауап ретінде бірінші қатардағы журналистерге зарарсыздандырғыш шашып, БАҚ қызметкерлеріне өз ісімен айналысуға және қажетсіз сұрақтар қоймауға кеңес берген. Брифингтен шыққаннан кейін де айналасындағы адамдарға антисептик шашқан. Бұл жағдай Бангкоктағы апта сайын өтетін шенеуніктің баспасөз мәслихатында болған. https://youtu.be/Pr0YmwFfedo БАҚ мәліметіне сүйенсек, Таиланд премьер-министрі осындай іс-әрекеттерімен танымал. Ол бұған дейін де журналистерге жауап беру кезінде тілшілердің бірінің құлағын ұстап, операторларға банан қабығын лақтырып жіберген. Чан-Оча 2014 жылы әскери төңкерісті басқарды, ал 2019 жылы наурызда өткен парламенттік сайлаудан кейін үкімет басшысы болып тағайындалды. Осыған ұқсас оқиға Бразилия Президентімен де болған. Ол жағымсыз сұрақ қойған журналисті ұруға тырысқан еді.  

Жүктелуде...