Еліміздегі екі өңір қызыл аймаққа енді

Еліміздегі екі өңір қызыл аймаққа енді

ашық дереккөзі

   width= Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасында хабарланды.  width= 10 наурыздағы эпидемиологиялық ахуал бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары "қызыл" аймаққа енді. Сонымен бірге Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары "сары" аймақта тұр. Ал қалған өңірлер "жасыл" аймақта. Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте 693 адамнан коронавирус анықталды. Ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында тіркелген. Осылайша, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 220 018-ге жетіп отыр.    

Жүктелуде...