weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 наурыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық мектеп оқушыларының көктемгі демалысы қанша күн болатыны белгілі болды

Қазақстандық мектеп оқушыларының көктемгі демалысы қанша күн болатыны белгілі болды

Қазақстандық мектеп оқушыларының көктемгі демалысы қанша күн болатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
 width= Қазақстандық мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 күн болады. 4-тоқсанның сабағы 1 сәуірде басталады», - делінген министрлік хабарламасында.
Сонай-ақ ведомство 3-тоқсанда 1-сынып оқушылары үшін қосымша демалыс болғанын мәлімдеді. Ол 7 күн, яғни 8-14 ақпан аралығында болған. Еске салсақ, оқу жылының 3-тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 пайызын – дәстүрлі форматта, 30 пайызын – қашықтан) форматына көшірілді. Сонымен қатар, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 1 наурыздан бастап мектептерде білім беру аралас форматқа көшірілгендіктен, 1-5 сынып оқушылары мектепте оқи бастады.