Белгілі қазақстандық дәрігер қайтыс болды
Белгілі қазақстандық дәрігер қайтыс болды

«Бүгін түнде біздің қымбатты профессорымыз, ұстазымыз, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ Гематология және сүйек кемігі трансплантациясы орталығының онколог дәрігері – Райымқұл Қарақұлұлы Қарақұлов дүниеден озды. «ҚазОРҒЗИ» АҚ басқарма төрағасы Диляра Қайдарова бастаған институт ұжымы Райымқұл Қарақұлұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Бұл Қазақстанның медицина және онкология қоғамдастығы үшін орны толмас қаза», – делінген хабарламада.