Белгілі қазақстандық дәрігер қайтыс болды

Белгілі қазақстандық дәрігер қайтыс болды

ашық дереккөзі

 width= Алматыда 79 жасқа қараған шағында Қазақстан онкологтар қауымдастығының мүшесі, жоғары санаттағы онколог дәрігер, академик, профессор, медицина ғылымдарының докторы Райымқұл Қарақұлов өмірден өтті. Онкологтың қазасы туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты Facebook-те хабарлады.

«Бүгін түнде біздің қымбатты профессорымыз, ұстазымыз, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ Гематология және сүйек кемігі трансплантациясы орталығының онколог дәрігері – Райымқұл Қарақұлұлы Қарақұлов дүниеден озды. «ҚазОРҒЗИ» АҚ басқарма төрағасы Диляра Қайдарова бастаған институт ұжымы Райымқұл Қарақұлұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Бұл Қазақстанның медицина және онкология қоғамдастығы үшін орны толмас қаза», – делінген хабарламада.

Жүктелуде...