Қазақстандық пайдаланушылар коронавирус вакцинасы Альцгеймер ауруын тудыруы мүмкін деген мақаламен бөлісуде. Бұл америкалық Pfizer-BioNTech және Moderna вакциналарына қатысты айтылған. Автор-иммунолог Барт Классен бұған дейін де дәлелденбеген мәлімдемелер жасаған. Сарапшылар оның тағы бір мәлімдемесін жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды StopFake. Хабарлама авторлары сүйеніп отырған дереккөзде осы жылдың қаңтар айында Microbiology & Infectious Diseases журналында жарық көрген иммунолог Барт Классеннің мақаласы туралы айтылады.
Классеннің айтуынша, коронавирусқа қарсы Pfizer-BioNTech және Moderna вакциналарының компоненттері ақуыздардың дұрыс ұйымауына себеп болады. Соның салдарынан Альцгеймер және Лу Гериг аурулары немесе бүйірлік амиотрофиялық склероз тудыруы ықтимал.