АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамдар шағын топтарда бір-бірімен сөйлескен кезде бетперде тақпауға болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters агенттігі. АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) басшылығы толық вакцинацияланған адамдар коронавирустың ауыр түріне шалдығу қаупі төмен екпе салдырмаған адамдармен шағын топтарда кездестіруге болатынын айтты. Оларға қашықтық сақтамаса да болады. Алайда бірнеше үй шаруашылығының вакцина салдырған және салдырмаған адамдары кездескенде, маска тағуы шарт.
"Олар қоғамдық орындарда осы шараларды ұстануды, сапарға шығу мен үлкен жиналыстардан аулақ болуды жалғастыруы керек. Бұл сақтық шаралары ұсталады, өйткені вакцинацияланған адамдар COVID-19-дың жеңіл түрін жұқтыру қаупі аз болса да бар", - дейді CDC директоры Рошель Валенски.