Кожедубтың авиамеханигі болған қазақ қызы

Кожедубтың авиамеханигі болған қазақ қызы

ашық дереккөзі

 width= Мәдина Ысқақова Кеңес Одағының үш мәрте батыры атанған авиация генерал-полковнигі Иван Кожедубтың жеке бортмеханигі болған. Иван Кожедуб Мәдинаның талдырмаш бойына, нәзіктігіне қарап, атақты америкалық актрисаның атымен «Мэри, Мэри Пикфорд-Искакова» деп еркелеткен екен. Мәдина Ысқақова 1924 жылы Ақмола облысының Сандықтау ауданында туған. Ол қазақтың атақты ханы Абылайдың тікелей ұрпағы. Мәдинаның әкесі мен ағалары Әбілқасым, Әбілқасен, Құсайын майданға аттанады. 1942 жылы 17 жасында өз еркімен соғысқа сұранады. Кемерова қаласындағы әуе байланысы мектебін бітіреді. Арманы ұшқыш болу еді. Алайда арманы орындалмай ұшақ механигі мамандығын алады. 240-жойғыш авиация полкіне қабылданып, атақты ұшқыш Иван Кожедубтың жеке механигі болды. Кажедубтың ұшағын ұрысқа дайындайды. Соғыста үш рет жараланады. Будапешт, София, Вена, Курск, Орел, Белгород қалаларын жаудан азат етуге қатысқан. Мәдина өзі де Кожедубпен бірге бірнеше рет әуеге көтеріліп, жау ұшақтарын жоюға қатысқан көрінеді. Алайда, оның ерлігін бағалайтын ешкім болмаған Ақмола әскери трибуналында хатшы болып қызмет істеді. Кейіннен көп жылдар бойы туған жерінде сауыншы болып еңбек етті. 1949 жылы Темірболат Махметовке тұрмысқа шығады. Екеуі совхозда еңбек етті. Мәдина Ысқақова сауыншы болып қана қоймай, ауыл қыз-келіншектерін жинап, тігін ательесін ашады. Олар әр түрлі үлгідегі әскери формаларды тіккен. Серік, Бақыт пен Аягөз есімді қыздары бар.

1985 жылы Гвардия сержанты Мәдина Ысқақова мамырда салтанатты түрде Отан соғысы орденімен марапатталады, ал тамыз айында дүние салды.

Шәкен, Т. (2020). Батырға қолғанат болған қыз. «Айқын» ақпарат

Жүктелуде...