Дүниежүзінде адам тіршілігіне маңызды тауардың тапшы екендігі анықталды
Дүниежүзінде адам тіршілігіне маңызды тауардың тапшы екендігі анықталды

«Біз ешқашан құм таусылып қалады деп ойлаған емеспіз, бірақ кейбір жерлерде оның тапшылығы байқалуда»,- деді БҰҰ климатологы Паскаль Педузци.Айталық, бір тонна цемент өндіру үшін 10 тонна құм қажет. Бұл тек құрылыс қажеттілігі үшін жыл сайын 40-50 миллиард тонна құм жұмсалады дегенді білдіреді. «Құм арзан, қолжетімді және қоры шексіз өнім ретінде қабылданады, шын мәнінде олай емес » дейді сарапшылар. Әлемде адам санының өсуі және қалалар қатарының артуы бұл тауарға деген сұраныстың одан әрі өсуіне ықпал етуі мүмкін.