Теңіз кенішінде 5 жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Теңіз кенішінде 5 жолаушылар автобусы өртеніп кетті

ашық дереккөзі

 width= Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті. Басылым мәліметінше, оқиға кеше, 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішінде орын алған.

"Бүгін "ССЕР" компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірі өртенді. Өрт бірден жанында тұрған 4 автобусты шарпыды", - деді ССЕР компаниясының өкілі Орақ Бисембиев.
Тілсіз жаузды ауыздықтауға "Теңізшевройл" компаниясының өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер мен 3 техниканың жұмылдырылғаны белгілі болды. Қызыл жалын жергілікті уақытпен сағат 21:00-де толық сөндірілді. Ведомство өкілінің сөзінше, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жүктелуде...