"Сары" аймаққа кірген қалаларда жұма намазына рұқсат беріле ме?
"Сары" аймаққа кірген қалаларда жұма намазына рұқсат беріле ме?

«Құрметті қала тұрғындары! Қадірлі мұсылман бауырлар! Ел ішінде орын алған осындай сындарлы сәттерге түсіністікпен қарап, жұртымыздың тыныштығы мен амандығы үшін дұғада болуларыңызды сұраймыз», - делінген Алматы қалалық Орталық мешітінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Айта кетейік, Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 наурызда Алматы мешіттерінде толымдығы 30 пайызбен жұма намазын оқуға рұқсат етілген болатын. Қаланың «сары» аймаққа енуіне байланысты бұл қаулының күші жойылды. Алматы қаласында былтыр 16 наурыздан бастап жұма намазын оқуға рұқсат жоқ.