Елордада екіқабат әйелдің сақтандыру бойынша қарызы болғандықтан ауруханаға жатқызудан бас тартқан
Елордада екіқабат әйелдің сақтандыру бойынша қарызы болғандықтан ауруханаға жатқызудан бас тартқан
Нұр-Сұлтанда жүкті әйелді медициналық сақтандыру бойынша қарызы болғандықтан ауруханаға жатқызудан бас тартқан, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Жүктілік мерзімінің 8-аптасында әйелдің жағдайы нашарлап, қызуы көтерілген. Бала құрсағында қайтыс болғаны анықталған. Қалалық аурухана оны қабылдаудан бас тартқан. Дәрігерлер медициналық сақтандыру бойынша есепшоты төленбегенін айтқан. "Олар мені қабылдамауға құқылы екенін айтты. Себебі құрсағымдағы өлі сәбимен екі айға дейін жүруге болады екен. Кейін жеке клиникадағы таныс дәрігердің көмегіне жүгінуіме тура келді. Оларға мұны айту оңай. Ал мен үшін бұл - баламның өлімі", - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласының Оксана есімді тұрғыны.