«Шаруаны» тез бітіріп қоймау үшін еркектерге кеңес – 21+
«Шаруаны» тез бітіріп қоймау үшін еркектерге кеңес – 21+
Осы айдардағы кеңесіміздің басым көпшілігі әйелдерге арналып жатады. Бұл дегеніміз – еркектердің төсекте проблемасы мүлде жоқ деген сөз емес. Оларда да бар, бірақ айтпайды. Әйелдер сияқты шешілмей жатқан мәселесін құрбысына, жеңгесіне немесе тағы бір танысына айтып шағынып, кеңес сұрап жатпайды. Себебі, ол – ЕРКЕК. Сондықтан да бұл кеңесті әйелдердің оқымай өтіп кеткені дұрыс болар.
Интернет арқылы төсек айналасында ең көп қойылатын сұрақтың бірі – «Күйеуім тез бітіріп қояды» немесе «Қалай тез бітірмеуге болады» дегеннің айналасында болады екен. Иә, мұндай проблема бар. Ешкімнің жанды жеріне тигіміз кеп отырған жоқ. Мүмкін болғанша, «ұлы сөзде ұяттық жоғын» алға тарта отырып кеңесімізбен көмектессек дейміз.
Тән құмарлығына тояттанбау ессіздікке бастауы мүмкін. Мүмкін болғанынша, мұндай проблемаларды дер кезінде шешіп, керек болып жатса қымсынбай, намыстанбай дәрігерге жүгінген дұрыс. Ендеше, алдымен не себепті еркектер төсектегі шаруасын тез аяқтап қоятынынан бастайық.
Басты себептері:
- Ұзақ уақыт жыныстық қатынасқа түспеу (мұндай кездері шаруаның тез аяқталуында тұрған дәнеңе жоқ, толған нәрсенің тез жарылатындығын есте сақтаған жөн)
- Есеңгіреу (анығырақ айтқанда, төсектегі шаруаға есеңгіреп отырып кірісу, бұл кезде адам ағзасын басқара алмайды)
- Асығыс қимылдау, «бабында тұрғанда басып қалу» (еркектер арасында мұндай да қате түсінік бар, яғни, сол арқылы олар миға ерте дабыл беріп қояды)
- Күйзелісті күйде жүру (қандай да бір түйінді мәселені ойлап тұрып төсекке шығудың қажеті жоқ, тән ләззатының күйзелісті жоятынын есте сақтап, шаруаға еркін кіріскен абзал)
- Жыныс мүшесіндегі жұқпалы ауру (бұл жерде бәрі түсінікті болар...)
- Төсек шаруасын жалғыз атқару (әйелге де бірауық мүмкіндік беріп, «демала» тұрғанның зияны жоқ, пайдасы болмаса)
- Сенімсіздік («соңына дейін шыдай аламын ба?» - еркекті құртатын осы бір сенімсіздігі)
- Жатын орынның дұрыс таңдалмауы («көріп қояды, естіліп қалады» деп жалтақтатып қоятын орынды таңдау да аттан тез түсіп қауға, шаруаны жетеріне жеткізбей аяқтап қоюға себеп болады)
- Уақыттың аздығы (төсектің шаруасы өтіп бара жатып орындап кете салатын іс емес, қолайлы уақыт пен ыңғайлы орын болуы керек)
- Гормоналды жүйедегі кемшілік (денсаулыққа дұрыс қараған жөн)
- Қорқыныш («бала жасап қоям-ау» деген қорқыныш та әсер етеді, жоспарда жоқ болса, алдын ала сақтық шараларын ойлауға ешкім тыйым салмаған)
- Тағы да қорқыныш («ауру жұқтырып алам-ау» - некелі жардың қадірі осындайда білінеді)
- Төсек қатынасына жиіркенішпен қарау (миға сіңіп қалған осынау бір қағида тез бітіруге ғана емес, келешекте ауруға да ұшыратуы мүмкін)
- Құрсақ-құйымшақ бұлшықеттерінің әлсіздігі (жаттығу жасап тұрған дұрыс)
- Дұрыс тыныс алмау (төсекте тыныс алудың орны да маңызды)
- Төсектегі серіктеске сенбеу (бір рет қана кездескен немесе мүлде танымайтын жанмен төсектес болуда әдетте шаруа тез бітеді)
- Сезімнің болмауы (жұптардың бір-біріне деген сезімінің суып кетуі)
- Ішімдік туралы ұмыту керек;
- Жүйкені тыныштандыратын дәрі ішу де кедергі келтіреді;
- Елітетін заттар да сіздің «еркек» атыңызға кір келтіретінін біліңіз.
Түрлі дереккөздерден жинақтап дайындаған:
Жайнаған Байтұрым
Сілтеме