Түркістанда көше тазалаушы аналарға құрмет көрсетілді (фото)

Түркістанда көше тазалаушы аналарға құрмет көрсетілді (фото)

ашық дереккөзі

 width= "Nur Otan" партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстың маслихат депутаты  Бейсен Тәжібаев көше тазалап жүрген аналарға құрметті көрсетті, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі.

Еңбекқор Аналарға құрметім ерекше Әсіресе 7-8 ұл-қызды дүиеге әкеліп, Батыр Ана атанып, тынымсыз тіршілікке араласып жүрген көпбалалы ханымдардың еңбегі ерлікке тең. Халықаралық әйелдер мерекесін "Түркістан жарық тазалық" мекемесінде қызмет ететін дәл осындай 15 көпбалалы Ананы құттықтаудан бастауды жөн санадық. Түркістанға жанашыр әйелдер қауымы айрықша ризалықтарын білдіруде.
 width=  width=
Шаңырағының тазалығымен қоса Түркістандай қасиетті шаһарды таңғы 6-дан жинастыратын бұл жандар барлық құрметке лайық. Ал қаламызды таза ұстауға әрбіріміз атсалыссақ, аналардың еңбегін сыйлау әрі, бағалау болар еді. Отбасымыздың берекесі, өміріміздің мерекесі Аналарымыз аман болсын!
 width= Басқа облысқа да бұл ізгі бастама үлгі болса екен дейміз.

Жүктелуде...