Нұр-Сұлтан мен Астана бір қала ма? Білмеппін: әйел өзін алаяқтан құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан мен Астана бір қала ма? Білмеппін: әйел өзін алаяқтан құтқарып қалды

"Қазір жүйе сіздің мобильді қосымша арқылы Нұр-Сұлтан қаласынан кіргеніңізді растады. Сіз жүйеге өзіңіз кіріп жатырсыз ба? Сіз тіркеу орны бойынша Астана қаласында емессіз бе?", - дейді ер адам.Ал жауап ретінде астаналық әйел азаматқа Астана мен Нұр-Сұлтанның бір қала екенін түсіндіреді. Бұл мәлімет алаяқты таң қалдырады. "Нұр-Сұлтан мен Астана бір қала ма? Білмеппін", - дейді телефондағы дауыс. Артынша елордалық келіншек "банк қызметкерінен" аты-жөнін қайталауды сұрайды. Ал алаяқ телефонды тастай салады. Желі қолданушылары арам пиғылын жүзеге асыра алмаған алаяқты мазаққа айналдырды, ал кейбірі оның Қазақстаннан хабарласпағанын, сондықтан елорда атауы өзгергенін білмегенін айтты.