Қатты қорқып айқайлап жіберген: Қарағандыда әйел баласын далаға тастап кеткен
Қатты қорқып айқайлап жіберген: Қарағандыда әйел баласын далаға тастап кеткен
Қарағандыда нәрестесін есіктің алдына тастап кеткен ана ізделуде. Оқиға туралы куәгерлер айтып берді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Белгісіз біреулер пәтердің қоңырауын басып, қызды қалдырып кеткен. "Бұл кезде Стастың әйелі ояу болған. Дыбысты естіп, есікті ашқаннан кейін қатты қорқып айқайлап жіберген", - дейді куәгерлер.Стастың сөзінше, ол да сол уақытта оянып, жан-жақты қараған кезде сәбидің жанында ешкім болмапты.
"Бала ұйқтап жатқан болатын. Артынша дәрігерлер мен полицейлер келді. Оқиға түн жарымда болды. Нәресте жылы әрі таза киінген еді", - дейді куәгерлер.Тұрғындар бірден полицей мен жедел жәрдем шақырған. Олар нәрестені тамақтандырып, оған қамқорлық та көрсетті. Қазір нәресте ауруханаға жеткізілді. "Қауіпті жағдайда қалдыру" бабы бойынша іс қозғалды.