
Қарағандыда нәрестесін есіктің алдына тастап кеткен ана ізделуде. Оқиға туралы куәгерлер айтып берді, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
КТК арнасына сілтеме жасап.
Белгісіз біреулер пәтердің қоңырауын басып, қызды қалдырып кеткен.
"Бұл кезде Стастың әйелі ояу болған. Дыбысты естіп, есікті ашқаннан кейін қатты қорқып айқайлап жіберген", - дейді куәгерлер.
Стастың сөзінше, ол да сол уақытта оянып, жан-жақты қараған кезде сәбидің жанында ешкім болмапты.
"Бала ұйқтап жатқан болатын. Артынша дәрігерлер мен полицейлер келді. Оқиға түн жарымда болды. Нәресте жылы әрі таза киінген еді", - дейді куәгерлер.
Тұрғындар бірден полицей мен жедел жәрдем шақырған. Олар нәрестені тамақтандырып, оған қамқорлық та көрсетті.
Қазір нәресте ауруханаға жеткізілді. "Қауіпті жағдайда қалдыру" бабы бойынша іс қозғалды.