Жаңалықтар

Бас санитардың мәртебесі мен өкілеттілігі артпақ

Бас санитардың мәртебесі мен өкілеттілігі артпақ

 width= Бас санитар Айжан Есмағабетова Қаулысымен бүкіл елдегі шектеу шараларын енгізіп, қайта алып тастай алады деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен COVID-19 індетіне қарсы күрес шараларын әзірлеп, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Отыырыс министрмен қатар Денсаулық сақтау вице-министрі әрі жұмыс тобының жетекшісі Людмила Бюрабекова, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Тимур Сұлтангазиев, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі департаменттерінің, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, ғылыми-практикалық орталықтардың, медициналық университеттердің өкілдері және Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысқан. Отырыс барысында негізгі екі мәселе, атап айтқанда денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуеті мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту жұмыстары қаралды. «Екі мәселенің де ауқымының кең екені түсінікті. Алайда ондағы міндеттерді алдағы екі-үш айда жүзеге асыруға болатындай жұмыс жүргізу керек», - деді Елжан Біртанов. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, бүгінде Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметін күшейтуге бағытталған бірқатар шара әзірленіп жатыр. Өзгерістер алты бағытта жүргізіледі. Мәселен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінен санитарлық-медициналық бақылау қызметін жеке шығара отырып, қайта құру жоспарлануда. Сонымен қатар бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәртебесі мен өкілеттігі де артады. Эпидемиологиялық қызметтің штат саны көбейіп, эпидемиологтар арнайы мемлекеттік орган ретінде артықшылықтарға ие болады. Осы шаралардың аясында мемлекеттік шекарада санитарлық-карантиндік бақылауды күшейтіп, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту көзделген. Яғни олар тепловизормен, көлік құралдарымен және кеңсе жабдықтарымен жарақтандырылады. «Сонымен қатар бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің өкілеті кеңейтіліп, енді ол өз Қаулысымен елдің бүкіл аумағында шектеу шараларын енгізіп, қайта алып тастай алады. Бұл ретте нормативті-құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге жатпайды. Қазіргі уақытта осы жағдай кедергі келтіріп тұр. Себебі өзгерістер бір-ақ апта ішінде енгенімен, тіркеу үрдісі одан да ұзақ уақытты алып жатыр. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекетінен кіргізу және шығару бойынша шектеулерді енгізе алады. Карантин аумағын белгілеп, күзетілген аумақта эпидемияға қарсы шараларды толыққанды үйлестіреді», - делінген.