Қазақстанда сәуір айында жаңа вакцина қолданысқа енеді
Қазақстанда сәуір айында жаңа вакцина қолданысқа енеді

Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Жыл басынан мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін мамандардың жалақысы өсті. 460 бірлік зертханалық құрал-жабдық пен 12 бірлік жылжымалы кешен сатып алынды. Биылғы жоспарға сай 6 млн азамат вирусқа қарсы екпе алады. Ал елде вакцина бағасының түсу-түспеуі туралы нақты ақпарат осы айдың ортасында белгілі болады. Ақпан айындағы вакциналаудың бірінші кезеңінде ресейлік «Sputnik V» екпесі қолданылды. Аталған препарат өндірісі қысқа уақыт ішінде Қарағандының фармацевтикалық комбинатында локализацияланды. Енді сәуір айында отандық «QAZCOVID-IN» вакцинасын пайдалану жоспарланып отыр.Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары: Жалпы бұл тек екі вакцинаға қарап отырған жоқпыз. Біз жаңағы басқа да шетелде екпе шығарушылармен өзіміздің келіссөздерімізді өткізіп отырмыз. Қазақстанға қашан және қандай көлемде келетіні сол келіссөздерге байланысты. Министрлік медициналық қызмет бақылауын әлде де күшейтпек. Мәселен, былтыр елде препараттарды заңсыз сату бойынша шамамен 500 жағдай әшкереленді. Шамамен 2 мың дәріхана тексерілді. Олардың тең жартысы бағаны негізсіз көтерген. 10 млн астам дәрі-дәрмек заңсыз айналымнан шығарылды.