Түн ішінде шақырады: Елордада тегін такси бар

Түн ішінде шақырады: Елордада тегін такси бар

ашық дереккөзі

 width= Елорда қаласында тұратын 60 жастағы Жарылқасын Аманов мырза былтыр наурыздан бастап тегін такси болуға шешім қабылдаған. Оның бұл әрекеті туралы жазбаны Дәулет Серікбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.  Елордалық Жарылқасын Аманов ағамыз 60 жаста. Былтырғы наурызда індет дендеген тұста тегін такси болуға шешім қабылдап, ол ісін әлі күнге жалғастырып келеді екен. Аптаның 7 і күнінде күн демей, түн демей тегін такси болады екен. Көбінесе көп балалы аналар, зейнеткерлер хабарласады екен. Зейнеткерлерді ауруханаға апарып, әкеліп тастайды екен. Аялдамада автобус күткендерді де жеткізіп тастайды. Үнемі ыстық шай алып жүремін, жолаушылармен шай ішіп әңгімелесіп барар жеріне тез апарсам болды дейді. Бензинді қайдан аласыз деп сұрайтындар бар, Құдайға шүкір отбасым, туыстарым бар. Үйде болғанымда ұлдарым көлігімді мініп кетіп, маған айтпай жанармай толтырып қояды, туыстарым бізден үлес болсын деп қолдау көрсетеді. Әкеміздің жақсылығын естіп өстік, ұлдарыма үлгі етіп отырам дейді. Ағамыз ара-тұра дүкендерге бас сұғып ішімдіктен аулақ, қарызға тамақ алған жандардың қарызын жауып береді екен.  width= Карантин уақытында қайырымды жандардың басын қосып 70 тен астам үйге азық-түлік таратыпты. Кейде түн ішінде вокзалға жеткізіп тастаңызшы деп қоңырау шалатындар бар, келсең телефоны сөніп тұрады, жарты сағаттан соң "аға ренжімеңіз, тексерейік деп ызбандап едік" дейді, ондай жандарға еш ренжімеймін, себебі осы ісімді бастағанда бәріне дайын болдым дейді. П/сы. Өткенде "Астана ақшамы" газетінен осы кісі жайлы оқығанда таңқалғам, мұндай азаматтар да бар екен ғой деп. Таңертең қоңырау шалғам, қазір келем деді. Сеніңкіремегенім рас. Бір қарасам келдім деп ызбандап тұр. Анда бардым, мында бардым бармаған жерім жоқ. Үйге әкеп тастады. Ақша ұсынып едім, алмады, мұныңды тағы көрсетсең түсіріп кетем деп ренжіді. Жанармай бекетіне тоқтағанда қолымды қалтама салып телефонымды алғалы жатқам, саған ақша көрсетпе дедім ғой дейді. Телефонымды алып жатырмын дедім. Білдіртпей каспийіне аудара қоямын деген арам ойым да жүзеге аспады. Әдейі каспийі жоқ нөмір ұстайды екен. Кітап сыйлап едім, қуанып кетті, мұндайды алам деп. Өзі жайлы айтқанды, жарнамалағанды ұнатпайды. Өзге мұқтаж адамдар білсін дегенімде ғана суретке түсуге келісті Қоңырау шалып тұр, өзгелерге нөмірімді бер, көмегім көбірек тисін деп қалды.

Мінекей Жарылқасын ағамыздың телефон нөмірі 8707 187 8981. Хабарласыңыздар, бірақ ақша ұсынушы болмаңыздар ренжіп қалады!

Жүктелуде...