Есінен танып, қан боп жатқан азаматты ХҚКО қызметкері аман алып қалды

Есінен танып, қан боп жатқан азаматты ХҚКО қызметкері аман алып қалды

ашық дереккөзі

 width= Халыққа қызмет көрсету орталығында болған оқиғаны баяндап берген Арна Маратқызының айтуынша, ер адам есінен танып, құсып әрі қан болып жатқан. Оған дер кезінде көмек жасалып, ер адамның жағдайы жақсарған. Бүгін ЭЦҚ алу үшін 15 шағынаудандағы ХҚКО-ға бардым. Аяқ астынан қатты дауыс шығып, назарды аударды. Бұрылып қарасам ер адам жерде есінен танып, құсып, қан болып жатыр екен. Дереу жедел жәрдем шақырылды. Адамдарды алшақтатып, ХҚКО қызметкері болу керек, сыртқы киімі болмады, тез арада шұғыл шара қолданып жатты. Алғашқы көмек екен. Көп ұзамай ер адамның жағдайы жақсарып қалғаны айтылды. Шыны керек, мұндай жағдайда көпшілігіміз не істерімізді білмей қаламыз. Дереу қимылдамақ түгілі, қорқып қашып кетуіміз де мүмкін. Жағдай тұрақталған соң, құтқарушы азаматың кім екенін білдік. ХҚКО басшылық құрамында жасайтын Азамат Айтенов деген азамат екен. Осы ретте халыққа қызмет көрсететін орталық басшылары кабинеттерінде емес жалпы залда бақылап жүретіні қуантты.

Жүктелуде...