Ақтауда татуластыру орталығы ашылды

08 Шілде, 2019 604 0

NewsROOM+. Ашылу рәсіміне Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев, облыс прокуроры Ерлан Абаев, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина және судьялар мен құқық қорғау органы өкілдері қатысты.

Іс-шарада сөз алған Ержан Даулиев бұл өңірде ашылып отырған бесінші татуластыру орталығы екендігін айтып, қатысушыларды татуластыру рәсімдері бойынша белсенді жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, ол кәсіпкерлер арасындағы дауларды, азаматтық, еңбек, отбасы дауларын медиация арқылы шешудің тіимділігін жеткізді.

Одан әрі Ерлан Абаев аталған орталықтың азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп отырғанын атай келе, ендігі жерде мұнда келген азаматтарға дауларды шешудің тиімді жолдарын ұсынатын татуластыру орталығының қызмет көрсетуі үлкен жетістік екенін айтты.

-Аталған орталық азаматтарды қабылдау және олармен жұмыс істеуге қажетті бүкіл инфрақұрылымдық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Орталықта құқықтық мәселемен жүгінген азаматтарды тәжірибелі медиаторлар, заңгерлер, прокурорлар, құқық қорғау органдарының өкілдері қабылдайды,- дейді осы мәліметті біздің басылымға жолдаған Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы Нұршат Өтеулиева.

Дереккөз: tumba.kz

Тегтер: Ақтау, жаңалықтар, татуластыруорталығы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.