Марқұм Бейсен Құранбектің әжесі дүниеден өтті
Марқұм Бейсен Құранбектің әжесі дүниеден өтті

«Ғасыр жасаған, аштық, қуғын көріп аман қалып, бір әулеттің саясы болған апамыз қайтты. Бейсекең өстіп құшақтап, “Апа-ау, ақынның баласы келді!” – десе қос қолын созып маңдайдан сүюші еді. Одан кейін бата беретін. Баршаның тілеуін тілеп отыратын. Апа үшін Бейсені командировкада жүр… Ертең сағат 10.00-де, Қызылжар ауылында жаназасы шығарылады. Иманды болыңыз, апа!», – деді Серік Әбікенұлы.Марқұм Бейсен Құранбек ата-әжесінің баласы боп, өз әкесін «аға», анасын «тәте» деп өткен.