weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
3 наурыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Марқұм Бейсен Құранбектің әжесі дүниеден өтті

Марқұм Бейсен Құранбектің әжесі дүниеден өтті

Марқұм Бейсен Құранбектің әжесі дүниеден өтті
ашық дереккөзі
 width= Марқұм Бейсен Құранбектің әжесі дүниеден озды. Қаралы хабарды Бейсен Құранбектің досы Серік Әбікенұлы фейсбук парақшасында хабарлады.
«Ғасыр жасаған, аштық, қуғын көріп аман қалып, бір әулеттің саясы болған апамыз қайтты. Бейсекең өстіп құшақтап, “Апа-ау, ақынның баласы келді!” – десе қос қолын созып маңдайдан сүюші еді. Одан кейін бата беретін. Баршаның тілеуін тілеп отыратын. Апа үшін Бейсені командировкада жүр… Ертең сағат 10.00-де, Қызылжар ауылында жаназасы шығарылады. Иманды болыңыз, апа!», – деді Серік Әбікенұлы.
Марқұм Бейсен Құранбек ата-әжесінің баласы боп, өз әкесін «аға», анасын «тәте» деп өткен.