Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері үндеу жариялады
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері үндеу жариялады

«Мереке күндері қарсаңында қала тұрғындары мен елорда қонақтарынан шектеу және карантин шараларын сақтауды тағы да өтініп сұрағым келеді: маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтаңыздар, мүмкіндігінше көпшілік жиналатын орындарға бармаңыздар және халық жаппай жиналатын іс-шаралар ұйымдастырмаңыздар», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.Айта кетейік, елордада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8%-ға төмендеді. Тәулігіне шамамен 68 инфекция жағдайы тіркеледі, оның ішінде 37 жағдай симптомды, 31-і симптомсыз түрде. Қалада көбінесе 30-39 жастағы адамдар басым ауырады, олар 24,8% құрайды. 50 жастан асқан адамдар – 23,5 % болса, балалардың жалпы сырқаттанушылықтағы үлесі – 14,9% құрайды.