Құлыптаулы абақтадан шығып кете берген Сарымолда әулие

07 Шілде, 2019 362 0

Заңды құжаты бар шведтік турист Свен Игелстром шіркеудегі тәу ететін тас мүсінді ұрлағаны үшін Кипр полицейлері оны қамауға алады. Кезекші полицей оның қолынан тас мүсінді, құжаттарын, ақшасы мен белдігін, қол сағатын, т.б. заттарын алып сейфке салып, өзін абақтыға қамайды.

Турист өзін өте көңілді ұстайды. Кешкі тамақты ішпейді. Ал таңертең полицейлер келіп абақты есігін ашса, әлгі турист ізіпғайып жоқ. Камера есігі мүлде ашылмаған екен. Бұл да әлі түсініксіз. Сонда Свен кім – турист па, жоқ әлде елес пе?

Ал ол адам болғанда, қалай жабық түрмеден шықып кетті?

 Енді осыған байланысты қазақ жерінде болған сиқырлы құпияға тоқталайық.

Сарымолда деген әулиенің сүйегі Атырау каласының дәл орта шенінде жатыр. Зұлымдық билеген заманда (1928-32 ж.) осы өңірдегі ел ол кезде тірі әулиеге: "Молдеке, мына Жайық тасып кетті, мал жайылымсыз калатын болды", – дейді. Молдекең асықпаңдар деп, түрлі дұға оқып, Жайық суын тоқтатып, малды арғы бетке өткізіп, ал кеште тағы да Жайық суы ағынын тоқтатып, бергі бетке өткізіп алады екен. Осы әруақты ата зұлмат жылы түрмеге жабылады. Сарымолда әулие де дәл Свеннің әрекетін қайталайды. Ертесінде Сарымолданың үйіне іздеуші сақшы келсе, сегіз бірдей Сарымолда үйде байсалды түрде шәй ішіп отыр дейді. Көзі алақандай болған сақшы, жағдайды басшыларына баяндайды.

Ақыры Сарымолда әулие өзі түрмеге барса керек. Бұл швед Свен мен қазақтың Сарымолдасының ұқсастық қасиетінде не сыр бар? Мүмкін біз білмейтін ерекше қасиет дарыған шығар оларға?

Әлде бір құпия оқудың сыры ма, қысқасы адам баласының қабілетінің шексіздігін дәлелдейтін шындық екені анық.

alashainasy.kz

Дереккөз: el24kz

Тегтер: сарымолда, атырау, молда, тылсым, құпия

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.