Ол ұят: Алматы облысының әкімі Сапарбаевтың әрекеті туралы айтты
Ол ұят: Алматы облысының әкімі Сапарбаевтың әрекеті туралы айтты

"Ол ұят. Бердібек Мәшбекұлы (Сапарбаев – Sputnik) менің досым, үлкен азамат. Мен оны былай жасамады, былай жасады деп айтпаймын. Енді сондай жағдай болды. Әркімнің реакциясы әртүрлі. Мен, мысалы, қаншама зат құлайды, өзім волейболшымын ғой, құлатпай қағып алар ма едім, бәлкім. Түсінесің бе? Әрине, мынаны ал деген дұрыс емес. Ол өзі көтеруі керек еді. Бұл оның қателігі", - деді әкім әріптесінің әрекеті жайлы.Бірақ, Баталовтың айтуынша, осы үшін облыс әкімін сөз қылып, оның қызметіне баға беруге болмайды. "Ол керемет адам, нағыз патриот. Мен оны білемін. Елбасы қиын жағдайларда қай жерге жіберген жоқ?! Барды да, күн-түн демей, өз-өзін аямай жұмыс істеп жүрді... Мен оның керемет жүрегін, керемет патриот, керемет адамгершілігін өте жақсы білемін", - деп түйіндеді сөзін Алматы облысының әкімі.