Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды

Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды

ашық дереккөзі

 width= Қостанай облысында 7 адам жол апатынан қаза тапты. Оқиға Қостанай - Әулиекөл тасжолында болған. Өңірдегі Полиция департаментінің мәліметінше, сағат шамамен 16:30-да Новонеженка мен Лаврентьевка ауылдарының аралығында екі жол талғамайтын көлік бетпе-бет соқтығысқан.

Lexus Нұр-Сұлтаннан Қостанайға бара жатқан, Mitsubishi Pajero жүргізушісі облыс орталығына қарай бет алған.
"Шақыртуға екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Апаттан екі көлікте болғанның бәрі қаза тапты - жеті адам. Lexus-тегі үш ер адам және Mitsubishi-дегі төрт ер адам және үш әйел оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Оқиға орнында облыстың полиция және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеді.

Жүктелуде...