Жаңалықтар

Ерекше сұлулық салондары

Ерекше сұлулық салондары

Елімізде жақында сұлулық салондары қайта ашылмақ. Карантинде үйінде отырған әйелдер мен ерлер бірінші баратын орын осы салондар болса керек. Бүгін әлемде бар ерекше және заманауи көркем безендірілген салондарды талқылап көрейік. Сіз әртүрлі елдерге сапар шегетін болсаңыз, осылардың біріне міндетті түрде баруға кеңес береміз.  width=

Мемфистегі Beauty Parlors for Pyros сұлулық салоны. Бұл мекемеде шашты кәсіби күйдіре алатын маман жұмыс істейді.

 width=

Anpanman Hair. Балаларға арналған салон. Жаны комиксті сүйетін жандар үшін таптырмас орын.

 width=

Spaceship Beauty Parlors. Сұлулық студиясының залы ғылыми фильмдер жиынтығына ұқсайды. Салон қызыл және ақ түстермен безендіріліп, келушілердің назарын бірден аударады.

 width=

Осакадағы ультра минималистік салондар. Сұлулық студиясы минимализм стилінде, ашық түстердің, текстурасы ағаштың және лакониялық жиһаздың басымдылығымен безендірілген.

 width=

Сиднейдегі Boob-Baring шаштаразы. Шаштартараз ерекше форматымен көпті қызықтырады. Ол арнайы ер адамдар үшін жасалынған, жалаңаш қыздар келген қонақтың шашын алып береді.

 width=

Sexy barber shops шаштаразы. Сұлулық студиясында іш киімін киген сұлу қыздар жұмыс жасайды.