Белгілі әнші Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Белгілі әнші Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Белгілі театр актері, әнші Нұркен Өтеуіл Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Newsroom.kz ақпарат агенттігі БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды. Бүгін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Нұркен Өтеуіл Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры директорының шығармашылық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды, - делінген хабарламада.