100-ден аса қызметкерінен заңсыз ақша алып келген ҚТЖ бөлімше басшысы ұсталды
100-ден аса қызметкерінен заңсыз ақша алып келген ҚТЖ бөлімше басшысы ұсталды
Павлодарда "ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімше басшысы ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бөлімше басшысы жұмыстағы қамқорлығы үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап
"ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімше басшысын Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ұстады. "Сондай-ақ, ол орынбасарымен бірге төрт жыл бойы 100-ден аса қызметкерінен сегіз мыңнан 10 мың теңгеге дейін заңсыз ақша алып отырғаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат 201-бапқа сәйкес жария етілмейді", - делінген хабарламада.